Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚазАгроҚаржының Шығыс Қазақстан облысындағы клиенттері егіс науқанын аяқтауда

2022 жылдың 26 мамыр 2022 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы көрсетіліп жатқан қолдаудың тиімділігін бағалау үшін Шығыс Қазақстан облысына баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз туры ҚазАгроҚаржының сенімді клиенті – «Тамирлан и К» ЖШС-нің егіс алқаптарында өтті.

«Бұл шаруашылық бізбен 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді және соңғы 4 жылда машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 625 миллион теңгеге 12 бірлік техниканы лизингіге сатып алды. Оның ішінде 2021 жылы 121 миллион теңге сомасына қаржы лизингі шарттарын жасасты», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан.




«Тамерлан и К» ЖШС директоры Рустам Жамбусинов атап өткендей, ҚазАгроҚаржы арқылы сатып алынатын техниканың жоғары өнімділігінің арқасында 10-12 күн ішінде 2 мың гектар өңделетін алқапта егіс жұмыстарын жүргізуге болады. Көктем әдеттегіден ерте басталып отырғанына үшінші жыл болды. Бұл егін егу жұмыстарын 27 сәуірде бастауға және дәнді дақылдарды себу жұмыстарын тез аяқтауға мүмкіндік берді. Ал қазір шаруашылық механизаторлары тыңайтқыш себуде.

Айта кетейік, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы - АӨК субъектілеріне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін лизингілік қызметтер көрсететін ең ірі қаржы институты.




Компания аграрлық секторды техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал ете отырып, өз қызметін 20 жылдан астам уақыт бойы ойдағыдай жүзеге асырып келеді және отандық фермерлердің сенімді серіктесі болып қала бермек.

Жалпы, 2022 жылы 17 мамырдағы жағдай бойынша ҚазАгроҚаржы 46 миллиард 228 миллион теңге сомасына түрлі ауыл шаруашылығы техникасының 4 мың бірлігін сатып алуға қаржы лизингі шартын жасасты.





Жоғары қарай