Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаза болған әскери қызметші Ғабдолла Смайылқановтың отбасына награда табысталды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорғандағы авиабазаның келісім шарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор Ғабдолла Смайылқановқа ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Орден марқұмның әкесі Ғалым Азанбековке табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме асап..

«Бұл бәріміз үшін орны толмас қайғы. Күш-жігері тасып тұрған жастардың арамыздан кетуі өте ауыр. Ұлыңыз соңына дейін әскери парызы мен антына адал болды. Ол біздің жадымызда мәңгі сақталады. Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы мен Қорғаныс министрлігінің басшылығы сізге қайғырып көңіл айтады», – деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов.

Қорғаныс министрлігі авиация базасының маманы ефрейтор Ғабдолла Смайылқанов Талдықорған қаласында террористтердің қолынан қаза тапты. Ол қызметтік парызын орындау барысында ауыр жарақат алған болатын.

Ғабдолла Ғалымұлы Смайылқанов 1996 жылы 6 сәуірде Алматы облысы, Қарабұлақ кентінде дүниеге келген. Ғабдолла небәрі 25 жаста ғана еді.

Марқұмның артында жұбайы, ұлы мен қызы қалды. Қорғаныс министрлігі отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етіп, қажетті материалдық көмек көрсететін болады. Әскери бөлім Ғабдолла Смайылқановтың отбасын өз қамқорлығына алды.











Жоғары қарай