Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қайырымды істер марафоны: Қапшағай тасжолы вандалдық жазбалардан тазарады

2021 жылдың 1 шілде 2021 14:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 шілдеде «Қайырымды істер марафоны» жобасының аясында «Jana Dunie» қоғамдық қоры Қапшағай тасжолын вандалдық жазбалардан тазартуға бағытталған акция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Табиғат та жауап бере алады» тақырыбында қоршаған ортаны қорғауға арналған акцияға жергілікті белсенділер, волонтерлер мен қазақстандық Tik-Tok жұлдыздары қатыспақшы.

«Пандемия мен шекаралардың жабылуы ішкі туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Кейінгі бір жарым жылдың ішінде қазақстандықтардың дені жергілікті туристік бағдарларға көбірек көңіл бөле бастады. Алайда Қазақстанның табиғи көрнекі орындары мен қасиетті жерлерінде туристер өздерінен кейін тастап кететін қоқыстар мен «жартасқа жазылған жазулардың» да саны көбейіп кетті. Осы ретте экологиялық акция қазақстандықтардың назарын аталған проблемаға аудартып, табиғатқа бастапқы көркі мен бірегей сұлулығын қайтаруды көздейді», - делінген ұйымдастырушылар таратқан релизде.

Жобаға «Kazakh Tourism», «Amaty VitRina», фотографтар бірлестігі мен қазақстандық тиктокерлер қолдау білдірген. Мұндай акциялар Қазақстанның бірнеше аймағында, атап айтқанда Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Бурабайда өткен.


Жоғары қарай