Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алды

2020 жылдың 21 қараша 2020 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін зертхана жануарларын кезекті иммундау үшін COVID-19-ға қарсы NARUVAX-C19/Nano вакцинасы үлгісін әзірледік. Өзім үшін мүлдем тосыннан аталған вакцинаның қалғанын өзіме салу шешімін қабылдадым. Мұндай жақсы дүние (20 мкг Spike/RBD тиін) кәдеге жарамсыз қалмауы керек қой. Менде IgA (секрециялық) антиденесін қалыптастыра ала ма екендігін білу қызықты болып тұр. Ол жалпыға танылған IgG, IgM антиденелеріне қарағанда тыныс алу органдарының шырышты қабыршағындағы COVID-19 вирусын жоюға және сол арқылы инфекцияны жібермеуге қабілетті», - деп жазды Қайсар Табынов Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Бұған дейін ол австралиялық Vaxine Pty ltd шығарған COVAX-19 екпесін қабылдағанын жазған едік.

NARUVAX-C19 – Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен АҚШ-тың Огайо штаты университеті бірлесіп әзірлеген вакцина. Қазіргі уақытта ол клиникаға дейінгі сынақтан өткізіліп жатыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай