Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 10:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы Қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп жазады primeminister.kz.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды-Жарық» ЖШС-да электромонтер болып бастаған.

2007-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

2015-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.

2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.



Жоғары қарай