Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қайрат» бапкерінің коронавирус жұқтырғаны рас па - Клуб ресми мәлімдеме жасады

2020 жылдың 30 маусым 2020 10:03

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Қайрат» футбол клубы бас бапкер Алексей Шпилевскийге қатысты әлеуметтік желілерде шыққан ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевскийдің коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат тараған.

«Бұл жазбаларды есепке ала отырып, «Қайрат» футбол клубы ақпараттың шындыққа сай еместігін жариялайды. Алексей Шпилевский шын мәнінде 1 шілдеде Алматыда өтетін «Қайрат»-«Жетісу» кездесуіне қатыспайды. Бірақ оған себеп – матчтан ресми түрде шеттетілгені. «Қайрат» ФК тек ресми дереккөзге сенуге шақырады» делінген «Қайраттың» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін тағы бір Қазақстан чемпионатының қатысушысы – «Қайсар» басшылығы команданың 25 ойыншысы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты жауап берген еді .



Жоғары қарай