Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қауіпті 5 елден ұшып келгендер шипажайларға жатқызылады - Алматы әкімі

2020 жылдың 21 наурыз 2020 19:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Франция, Иран, Италия, Испания, Германиядан ұшып келгендерді оқшаулауға 3 шипажай ғимараты дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Қала басшысы оқшаулау орындарының дайындығымен танысты.

«Бүгін коронавирусты жұқтыру бойынша 1А санатына жатқызылған елдерден әуе қатынасы арқылы ұшып келген және науқастармен байланыста болғандарды оқшаулайтын орындардың дайындық жұмыстарымен таныстым. Бүгінде оған Франция, Иран, Италия, Испания, Германия кіреді. Бұл — қала тұрғындарының арасына вирустың таралуына тосқауыл болуға көмектеседі. 14 күндік карантинге арналған орталықтар «Аққайың», «Қазақстан», «Көктем» санаторийлері мен Асфендияров атындағы медуниверситет жатақханасының базасында құрылады. Бұл ЖОО-ның тағы бір жатақханасында қала маңында тұратын және қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін дәрігерлер мен медперсонал орналастырылды.

Коронавирустың таралуына тосқауыл болудың басты қаруы – оқшаулану. Сондықтан зақымдану ошақтары бұғатталды. Оның бірі — Гоголь көшесіндегі үй. Медеу ауданының әкімдігіне тәртіп сақтауды, тұрғындар үшін азық-түлік жеткізуді, медициналық қызметкерлер, санэпидемиологтар мен полицейлер үшін жағдай жасауды тапсырдым», - деді қала әкімі.

Айта кету керек, Алматы билігі кеше ауру ошағы ретінде 10 мекенжайды атаған болатын.

Қазір Қазақстанда 53 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

НұрСұлтан қаласында -28, Алматыда – 22, Қарағандыда -2, Алматы облысында 1 жағдай анықталды.



Жоғары қарай