Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қауіпсіздік талаптарын бұзған 20 мыңнан астам жағдай анықталды - министр

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта 9 мыңнан астам кәсіпорын және 230 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысан қадағалауға жатады. Бұл туралы Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жүйесі азаматтардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төндіретін тау-кен, металлургия, мұнай-газ өндіру, мұнай-химия, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларындағы техногендік авариялардың алдын алуға бағытталған. Қазіргі уақытта 9 мыңнан астам кәсіпорын (9 157) және 230 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысан қадағалауға жатады», - деді Ю. Ильин.

Оның айтуынша, өндірісте техногендік авариялардың туындау қаупі бұрынғысынша жоғары деңгейде қалып отыр. Биылдың басынан бастап қауіпті өндірістік объектілерде 19 авария және 1 355 оқыс оқиға тіркелді, нәтижесінде 18 (адам зардап шекті, оның ішінде 9 адам қаза тапты.

Авариялардың негізгі себептері: өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу, пайдаланылатын жабдықтың тозуы, қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі.

«Қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың туындауының алдын алудың негізгі іс-шараларының бірі инспекторлардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды уақтылы анықтауы болып отыр. 9 айдың қорытындысы бойынша ерекше тәртіп бойынша 826 және 526 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Инспекторлар 24 933 объектіні тексерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 23 333 жағдайы анықталды, 130 миллион теңгеден астам сомаға 983 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін инспекторлар 361 объектіні және 4 субъектіні тоқтатты. Бір инспекторға жүктеме 603 нысанды құрайды, инспекторлардың жалпы саны барлығы 381-ге жетті», -деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай