Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қауіпсіздік қызметі Татарстанда терактінің алдын алды

2019 жылдың 31 шілде 2019 18:02

МӘСКЕУ. Тасс-ҚазАқпарат – ФҚҚ мен ІІМ Татарстандағы инфрақұрылымдық нысандардың бірінде бола жаздаған терактінің алдын алды. Лаңкестік әрекетті Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының екі мүшесі дайындаған. Күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі Ресейдің Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, бұған дейін қозғалған тергеу ісінің аясында Татарстандағы инфрақұрылымдық нысанның бірінде бола жаздаған лаңкестік әрекеттің алдын алды. Қылмыс жоспарланған жерде оны дайындаумен айналысқан Ресейдің екі азаматы ұсталды. Олар - Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері. Күдіктілердің лаңкестік құрылымдардың құрамына жергілікті тұрғындарды тарту және терроризмді насихаттауға қатысы бар болып шықты» , -деді ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.

ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығының мәліметінше, ұсталған күдіктілерден жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құралдар алынды. Қазіргі таңда қажетті жедел-іздестіру шаралары мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жақында бас прокурордың бірінші орынбасары Александр Буксман Бас прокуратура алқасының отырысында Ресейдің құқық қорғау органдары биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 17 лаңкестік әрекеттің алдын алғанын атап өтті.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Ресей,
Жоғары қарай