Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Элазығ провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия халқына көңіл айтты.


Жоғары қарай