Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мәселесін көтерді

2021 жылдың 27 қазан 2021 20:36

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке мәліметтердің қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру мәселесі, оның қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті қоса жүктейтінін түсіну керек. Яғни, жеке мәліметтер құқықтық тұрғыдан да, физикалық жағынан да сапалы қорғалуға тиіс. Бұл мемлекеттік жүйелерге ғана емес, мемлекетпен тығыз интеграцияланған жалпы цифрлық экожүйеге де қатысты. Үкімет азаматтардың жеке деректерінің жоғалуына және ұрлануына қатысты жауапкершілікті қатаңдату жөнінде заңнамалық өзгерістер топтамасын әзірлеуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Era Lifestyle» тақырыбында өткен дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты.
Жоғары қарай