Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады

2020 жылдың 22 қазан 2020 09:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады.

Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасында.


Жоғары қарай