Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстандағы бірнеше мәдени кешенге барды

2021 жылдың 25 қазан 2021 20:33

АШХАБАД. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында «Ел есінде» мемориалды кешеніне және «Қасиетті Отан» музейіне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында 1881 жылғы шайқасты, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды және 1948 жылғы Ашхабад жер сілкінісінің құрбандарын еске алуға арналған тарихи кешенге барды. Кешенде аталған оқиғаларда қаза тапқандар мен батырларға қойылған ескерткіштер, монументтер бар.

«Қасиетті Отан» музейінде Мемлекет басшысына Ұлы Отан соғысындағы әскери оқиғалардың макеттері мен жер сілкінісінің экспонаттары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.
























Жоғары қарай