Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады

2021 жылдың 13 қазан 2021 15:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды. 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді» делінген хабарламада.


Жоғары қарай