Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлауға қатысты пікір білдірді

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы жыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ол экономикалық әрі саяси реформалар, цифровизация, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау ұранымен өтуі керек. Қазір осынау маңызды тарихи датаға орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт емес. Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек», - деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес отырысында Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту - әрбір Қазақстан азаматының және барлық саяси күштердің абыройлы міндеті екенін атап өтті.



Жоғары қарай