Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев: Судьялар БАҚ тарапынан жиі қысымға ұшырайды

2020 жылдың 23 қазан 2020 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Судьялар бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жиі қысымға ұшырайды. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық және халықаралық сарапшылар судья сот және алқа төрағаларына тәуелді болууын жалғастыруда деп санайды. Бұл өрескел тәжірибе әрі одан арылу қажет. Судьлардың құқық қорғау органдарына тәуелділігінің жалғасуы да күрделі проблема. Ешкімде судьялардың тәуелсіздігіне қатысты тіпті күдік те туындамауы тиіс. Азаматтар, бизнес, инвесторлар қазақстанық сот бейтарап әрі әділ шешім шығаратындығына сенімді болуы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы соңғы уақытта судьялардың БАҚ-пен әлеуметтік желілер тарапынан қысымға ұшырайтындығы жайлы деретердің де кездесетіндігіне назар аудартты.

«Тергеу әлі жүріп, іс сотқа әлі берілмесе де жекелеген журналистер мен блогерлердің ахуалды шиеленістіріп, судьялардың шешімін жария түрде болжап жатады. Бұл жерде қабылданған шараларды және долбарлап адамдарды қызметкер деп жариялауға асығатын кейбір құқық қорғау органдарының да кінәсі бар. БАҚ-тың жариялылығы мен ашықтығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға мүлдем болмайды. Сот әділдігі тек сот залында және тек сот процесінің қорытындысында орын алуы тиіс. Әрбір судья өз әрекеті мен шешіміне жеке жауап береді. Сотқа қысым жасау фактісі заңмен жауап беруі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай