Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылдың 27 наурыз 2020 19:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары коронавирус індетінің таралу жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға бағытталған бірлескен шараларды талқылады.

С.Жээнбеков Қырғызстан азаматтарының еліне оралуына, сондай-ақ, қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүк тасымалына көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Президент Қ.Тоқаев әріптесіне Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына одан әрі көмек көрсете беретінін жеткізді.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі алдағы егін науқаны кезінде су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.

Барлық мәселені жедел шешу үшін екі елдің Үкіметтеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.


Жоғары қарай