Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр мен «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

2021 жылдың 2 тамыз 2021 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевті қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Ұсынылған жобалар Қазақстанның батыс өңірін сумен, аймақтарды газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.


Жоғары қарай