Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов 320 шақырымды бағындырмақ

2021 жылдың 5 сәуір 2021 22:44

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды гарнизонының әскери полиция бөлімінің офицері Заңғар Әлкенов ультрамарафонға дайындалуда. Ол өзінің жүгіруін армия үшін ерекше күн - 7 мамырда бастауды жоспарлап отыр. Ал әзірше Алматыдағы Алатау баурайында қарқынды жаттығулар өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы Заңғар Қарағанды - Атасу бағыты бойынша 200 шақырымды сәтті еңсерген болатын.

«Қазір ультрамарафонның екінші кезеңі - 320 шақырым. Алматыда мамандар нақты жоспар құрып, ағза үшін қажетті су мөлшерін есептейді», - дейді Заңғар Әлкенов.




Ультрамарафоншының көптеген жетістіктері бар. Ол қазақ күресінен спорт шебері, дзюдодан спорт шеберіне үміткер. 2012 жылы жарақат алғаннан кейін жекпе-жек өнерін ұзақ қашықтыққа жүгіруге алмастырды.

320 шақырымдық жүгірісті GPS-навигатор арқылы онлайн режимінде бақылауға болады.

«Бәрі жақсы деңгейде өтеді деп ойлаймын. Егер бұл марафон мен үшін табысты болса, келесі жылы Қарағанды - Алматы бағыты бойынша 1 000 шақырым жүгіруді жоспарлап отырмын», - дейді Заңғар Әлкенов.



Жоғары қарай