Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде көкөніс сақтайтын қоймалар салуды тапсырды

2021 жылдың 10 шілде 2021 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймалар салу және жаңғырту жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тек алты өңірде ғана көкөніс өнімдерін сақтау қуаты жеткілікті, олар – Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ақтөбе облысында – 79%, БҚО – да-56%, ШҚО-да – 50%-дан астам сақтау орындары ұзақмерзімді сақтаудың заманауи инфрақұрылымымен қамтамасыз етілмеген», - деп атап өтті Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажеттігін атап өтті.

«Бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарын әзірлеу тапсырылады. Біздің көптеген қолдау бағдарламаларымыздан қаражаттың бір бөлігін дәл осы мақсаттарға жұмсаңыздар», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай