Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс айтты

2019 жылдың 12 тамыз 2019 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасы арқылы өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс білдірді.

«Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін»,-деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен 4 сенатордың өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатына бірқатар жаңа депутаттар тағайындалып, бірқатары қайта тағайындалды.

Жоғары қарай