Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қасым-Жомарт Тоқаев: Коронавирусқа қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір

2020 жылдың 8 шілде 2020 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты коронавирус қаупін шетке ысырмауға, сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қатысты ахуал күрделі күйде қалып отыр. Алайда басқа мемлекеттермен пропорционалды тұрғыда ойлайтын болсақ, басқа елдерден қарағанда біздің елдегі жағдай жақсы болмаса, жаман емес. Алайда осынау қалыптасқан жағдайға қарап қана отыра бермейміз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бүкіл қоғам болып оны жүргізуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.

Сонымен бірге Президент коронавирус қаупін шетке ысыруға болмайтынын жеткізді.

«Бұған қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір. Бұл өте қауіпті әрі жауыз ауру. Әлемде бұл ауруды жұқтырғандар саны 12 миллионға жетті. Қайтыс болғандардың саны артып барады», - деді ол.



Жоғары қарай