Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президентіне көңіл айтты

2019 жылдың 30 қазан 2019 18:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай