Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Құттықтауын Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз»,-деп жазды ҚР Президенті.


Жоғары қарай