Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан бұрынғыша ҰҚШҰ-ға мүше елдермен серіктесе жұмыс жүргізуге дайын

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттермен ортақ мүдде жолында жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің кездесуіміздің күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды. Бүгін өзара қарым-қатынасымызды бекемдей түсуде маңызы зор ауқымды мәселелерді қарап, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін күші мен құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар құжатты қабылдаймыз. Сонымен қатар сессияның басты құжаты – ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы мен әділетті әрі бекем әлемдік ахуалды құру туралы мәлімдеме болмақ. Бұл құжаттардың қабылдануы – халықаралық диалогты бекемдеу және дамытуда, жаһандық және аймақтық проблемаларды шешуде ынтымақтастықты күшейтуде ортақ бейілділігімізді көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда.

Мемлекет басшысының айтуынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелік – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдыққа ие бағыттардың бірі саналады.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – халықаралық саясаттың айқын факторына айналып, Еуразия құрлығының басым бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оң рөлге ие болып отырғаны қуантады. Біз бұрынғыша бейбітшілік, қауіпсіздік, біздің халықтардың гүлденуі жолында тиімді шешімдерді табу үшін серіктестерімізбен белсенді түрде жұмыс жүргізуге дайынбыз», - деді Президент.


Жоғары қарай