Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 10:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

«Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады жән е ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне барады»,-делінген хабарламада.

Жоғары қарай