Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлерге жалақы мен сыйақы уақтылы төленуі керек

2020 жылдың 19 наурыз 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жалақы мен сыйақыны уақтылы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрігерлер, медбикелер қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Жұмыстары ауыр. Түсінеміз. Оларға тағы да алғысымды айтқым келеді. Оларға толығымен жалақылары мен сыйақыларын уақтылы төлеу керек», - деп тапсырды Президент Үкімет мүшелерімен елордадағы блок-бекеттерді аралау кезінде.


Айта кетсек, бүгін Президент Үкімет мүшелерімен бірге елордадағы блок-бекеттерді аралап шықты. ҚР Президенті Телерадиокешені жариялаған видеода Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың баяндама жасап жатқанын көруге болады. Қазіргі уақытқа дейін Алтай Көлгінов қалаға 3600-ден астам автокөлік кіргенін жеткізді.


Жоғары қарай