Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alatau Creative Hub» орталығына барды

2021 жылдың 19 қараша 2021 19:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығына барды. Нысан «Шетсіз қала» стратегиясын жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсан айында ашылған, деп хабарлайды Ақорда.

Орталықта компьютерлік бағдарламаларды жасауды үйренуге, креативті индустрияны дамытуға, шығармашылық әлеует пен виртуалды өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы мұнда түрлі бағыттар бойынша 25 үйірме тегін жұмыс істейді.

Президентке кітапхана, балалардың ойын алаңы, вокал студиясы, IT зертхана, электр техникасы мен робот техникасы залдары, дәстүрлі музыкаға арналған мультимедия орталығы таныстырылды.




Бұдан бөлек Мемлекет басшысына цифрландыру құралдарын қолдануға, креативті индустрияны дамытуға арналған презентациялар көрсетілді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентке қаланың көлік жүйесін дамыту жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметкерлерімен және онда келушілермен әңгімелесіп, суретке түсті, сондай-ақ олардың жұмысына табыс тіледі.













































Жоғары қарай