Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Кастамону - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтті

2018 жылдың 24 қаңтар 2018 22:47

КАСТАМОНУ.ҚазАқпарат - Түркияның Кастамону қаласында 2018 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға, Түркияның мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш (Numan KURTULMUS), ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, сонымен бірге зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Барлықтарыңызды Кастамону қаласының Түркі дүниесінің мәдени астанасы атануымен шын жүректен құттықтаймын!. Бұл қала түркі әлеміндегі маңызды тарихи, мәдени қалалардың бірі. Биыл мұнда жыл бойы әртүрлі шаралар өтеді. Түркі дүниесінің әр түкпірінен қонақтар келеді. Олар өз елдеріне барғанда, Кастамонудан алған әдемі әсерлерін жеткізетін болады. Бұл байланыс бауырлас елдер арасындағы мәдени байланыстарды одан ары арттыра түседі», - деді ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.



Сонымен бірге ол биылғы жылдың ТҮРІКСОЙ ұйымы үшін айрықша жыл екендігін атап өтті.

«Биыл ТҮРІКСОЙ-дың 25 жылдығын атап өтеміз. Өздеріңізге белгілі, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымы бауырластық байланыстарды нығайту, түркі халықтарына ортақ мәдениетті өскелең ұрпаққа жеткізіп оны насихаттау бағытында 25 жылдан астам уақыттан бері тиімді жұмыстар атқарып келеді. ТҮРІКСОЙ ұйымының ең сәтті жобаларының бірі - 2012 жылдан бастап, түркі әлемінің мәдени астаналарын белгілеу. Осы уақыттан бері алты қала мәдени астана атанып, түрлі шаралар өтті», - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы аталған жобаның қаланың туризм саласына жане басқа да бағытта дамуына мүмкіндік беретінін айтты.



null

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласы - Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып бекітіліп, жыл бойы түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында 40-қа жуық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

Жоғары қарай