Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Каспий жағалауындағы 450 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілді

2021 жылдың 12 қазан 2021 13:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий жағалауындағы 450 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Каспий жағалауындағы 550 гектар аумақта қамыс жанғанын жазған болатынбыз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қазанда тұтанған қамыс өртін сөндіру әлі жалғасып жатыр. Бүгін, 12 қазанда жергілікті уақытпен сағат 09:00-ге дейін тағы да 30 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілген.

«Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған жеке құрамның күшімен 20 гектардағы өрт ошағы жойылды. Ал, 10 гектар аумақтағы жалын өздігінен сөнді. Өртенген жердің жалпы ауданы 550 гектарды құрады. Оның ішінде 450 гектарды шарпыған өрт сөндірілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Каспий теңізінің жағалауындағы өртті жоюға Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 34 адам, 5 техника, 4 мотосорғыш, 1 генератор, 40 жең, 1 үрлемелі шатыр, сондай-ақ, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің 1 адамы мен 1 John Deere-6135b тракторы тартылған.


Жоғары қарай