Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Kaspi Bank»  АҚ бөлімшесіне шабуыл жасағандардың бірі Оралда ұсталды

2020 жылдың 30 қазан 2020 13:32

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Kaspi Bank» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің бірі Орал қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, Алматы қаласының 28 жастағы тұрғынын криминалдық полиция және арнайы жасақ

қызметкерлері Оралдағы үйлердің бірінен бүгін сағат 10.00 шамасында қолға түсірді.

Биылғы 15 қазанда Алматы қаласындағы «Kaspi Bank» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, белгісіз екі адам атыс қаруымен қорқытып, қаражатты алып кеткен болатын.

Осы дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаменті Алмалы ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 192-бабы 3- бөлігіне сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

«Соған байланысты күдікті бұдан кейін Алматы қаласына жеткізілетін болады», деді Б. Белгібеков.


Жоғары қарай