Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаскелеңде көкпар ұйымдастырғандарды полиция іздеп жатыр

2022 жылдың 16 мамыр 2022 12:35

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңде көкпар ұйымдастырғандарды полиция іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 мамыр күні Қарасай ауданының Қаскелең қаласында көкпар ойыны ұйымдастырылған. Бұл шара жергілікті әкімдіктің келісімінсіз болған. Көкпаршылардың қаладағы бірнеше көше бойында жүргендері бейнебақылау камерасына жазылған. Аталған факті Қарасай аудандық полициясында тіркелді. Сонымен қатар, 34 жастағы тұрғын полицияға арызданды. Оның көлігін көкпаршылар бүлдіріп кеткен»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір аталған ойынды ұйымдастырғандар мен оған қатысқандарды тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

«Олардың барлығы заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады»,-деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, көкпаршылардың көлікті бүлдірген сәтіндегі видео желіге тараған болатын.


Жоғары қарай