Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Кәсіпорындар мен қоғамдық орындарда сұйық сабын болуы тиіс - Бас санитар

2020 жылдың 26 ақпан 2020 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпорындар мен қоғамдық орындардың дезинфекциялық режимін күшейтуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты кәсіпорындардың басшыларына үндеу жасағым келеді. Дезинфекциялық режимді күшейтіп, барлық қоғамдық ұйымдарда қол жууға жағдай жасалуы керек. Міндетті түрде сұйық сабын қойылуы тиіс», - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер кәсіпорын басшыларына дезинфекциялық режимнің сақталуын жіті қадағалауды тапсырды.

«Әсіресе, супермаркеттер мен медициналық мекемелерде дезинфекциялық режим сақталуы қажет. Сағат сайын есік тұтқалары мен баспалдақ маңайы тазартылып тұруы керек», - деді ол.

Бұған дейін коронавирус инфекциясынан қорғану бойынша Қазақстан азаматтарына бірнеше елге бармау жөнінде кеңес берілген еді.


Жоғары қарай