Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды

2019 жылдың 15 наурыз 2019 16:47

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлі бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген боксшы 24 наурыз күні АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Голливудтағы Hollywood Fight Night шоуында айқас өткізеді. Оның қарсыласы - 32 жастағы пуэрторикалық Луис Эрнандес. Кездесу сегіз раундқа жоспарланып отыр.

Мейірім үшін бұл жолғы айқас - он бірінші кездесу. Бұған дейінгі 10 кездесуінің бәрінде де Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетіп, оның сегізін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Оның қарсыласы 23 кездесу артық өткізіп, жеті мәрте жеңілген. 16-да жеңіске жеткен. Тоғызында Эрнандес қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Аталмыш бокс кешінде қазақстандық Әли Ахметов те (13-0, 10КО) өнер көрсетеді. Отандасымыз екінші орташа салмақта жергілікті боксшы Майк Гаймен (9-3-1, 5КО) қолғап түйістіреді.

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагиді екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай