Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кәсіпкерлер қандай жағдайда копоративтік табыс салығынан босатылады

2021 жылдың 30 маусым 2021 10:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономка министрлігі салық заңнамасына енгізілген түзетулердің артықшылықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 маусымда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, заңда пандемиядан туындаған шектеу шаралары кезеңінде бизнесті қолдауға, салық міндеттемелерінің орындалуын жеңілдетуге және іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған өзгерістер бар.

«Жаңа тіркелген бизнес кәсіпорындары үшін өз өнімдерін өткізу кезінде қосылған құн салықты 70%-ға төмендету сияқты салық жеңілдіктері көзделген. Бұл жеңілдік заңды тұлға тіркелген сәттен бастап екі жыл бойы қолдануға болады», - деп жазылған ресми мәліметте.

Ал өндеу өнеркәсібіндегі шағын бизнес нысандарын жаңа негізгі қорларға қайта инвестицияланған жағдайда алынған табыстан корпоративтік табыс салығынан босату көзделген. Бұл инвестициялық ахуалды жақсартуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді деген болжам бар.

«Сондай-ақ, заңда пандемияға байланысты тексеру мен емдеуді қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмыс берушінің шығыны бойынша қызметкерді табыс салығынан босататын нормалар бар. Жаңа енгізілімдердің бірі мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимін енгізу болып табылады. Ол салық төлеушінің қызметін тіркеуді, тоқтатуын және салық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуге мүмкіндік береді», - делінген министрліктің мәліметінде.


Жоғары қарай