Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қашықтан оқыту: Агенттік ноутбук пен планшетке бөлінген қаражаттың 3 млрд теңгесін үнемдеді

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 15:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін керекті ноутбуктер мен планшеттерге, компьютерлерге 70 млрд теңгенің бөлінуіне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытуға арналған компьютерлерді, ноутбуктер мен планшеттерді сатып алу мәселесін бақылауды өтінген еді. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілетін алдын алу жұмысы - тиімділік көрсеткіші болып отыр», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл қажеттілік үшін Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Біздің қызметкерлеріміздің қатысуымен жұмыс топтары, қоғамдық комиссиялар сатып алынатын ұйымдастыру техникасының бағасын төмендетіп, 3 млрд теңге үнемдеді», - деді ол.


Жоғары қарай