Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

KASE: Доллар бағасы сәл қымбаттады

2021 жылдың 12 қазан 2021 11:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 11 қазан кешімен салыстырғанда 0,54 өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 425, 09 теңге болды. Ұлттық банктің 12 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424, 53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,99 теңгеден сатылса, сатып алу – 426,45 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425, 10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426, 16 теңге.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экономика, Қор рыногы,
Жоғары қарай