Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

KASE: Доллар бағасы қайта қымбаттады

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 11:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 13 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,90 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 434, 59 теңге болды.

Ұлттық банктің 14 қаңтардағы ресми бағамы -1 доллар үшін 433, 69 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 436,05 теңгеден сатылса, сатып алу – 437,53 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 63 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 437,50 теңге.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экономика, Алматы,
Жоғары қарай