Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

KASE: Доллар бағамы қайта көтерілді

2021 жылдың 19 қазан 2021 11:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 18 қазан кешімен салыстырғанда 0,93 өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 425, 37 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 426,32 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,70 теңгеден сатылса, сатып алу – 428,00 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,50 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,10 теңге.



Жоғары қарай