Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

KASE: Доллар арзандады

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 12:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 16 қыркүйек кешімен салыстырғанда 1,83 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 422,82 теңге болған.

Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,65 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сату құны 424,53 теңге, сатып алу – 422,94 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату құны 424,67 теңге болса, сатып алу – 423,23 теңгені құрайды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қаржы, Экономика, Қоғам,
Жоғары қарай