Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қаржаубай Сартқожаұлы індет жайлы: Күш біріктірсек қана бұл қиындықтан құтыламыз

2020 жылдың 8 шілде 2020 23:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуі жайлы «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Қоғамдық қабылдау» комиссиясының мүшесі, жазушы, түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуін тыңдадым. Президент бастамасын толық қолдаймын. Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Елімізде карантин режимі ерте енгізіліп, сақтық шаралары уақтылы жасалды. Десе де қазіргі уақытта ауру жұқтырған адамдардың саны артып барады. Біз бірлікте күш біріктірсек ғана бұл қиындықтан құтыламыз. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы кезеңнен бастап халыққа ақпарат беріп отырды. Кеткен кемшіліктерді уақыт таразылайды», - дейді Қаржаубай Сартқожаұлы.

Еске сала кетсек , бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жариялаған болатын. Президент отандастарымызды халқымыздың басына түскен сынақ алдында қайсарлыққа, сабыр мен жауапкершілікке шақырды.


Жоғары қарай