Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарт адамдардың коронавирус жұқтыру жағдайлары жиілеп барады – министрлік

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егде адамдардың коронавирус жұқтыру жағдайлары жиілеп барады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен жиында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індетті жұқтыру жағдайларын тексеру барысында мына жағдайлар анықталды. коронавирусты жұқтырғандардың 50 пайызы медициналық көмекке жүгінген кезде анықталған. 33 пайызы олармен қарым-қатынаста болғандарды тексеру барысында жұқтырғаны белгілі болып отыр. 16 пайызы алдын алу шараларын жүргізген кезде анықталды. Қалған 1 пайызы – сырттан келгендерден анықталып отыр. Яғни, бұл дегеніміз карантин шараларының сақталмауы, бұқаралық орындарға халықтың жиі баруы, жеке қорғаныс құралдарын қолданбауы салдарынан індеттің ушыққанын көрсетіп отыр. Індет сырттан келіп жатқан жоқ, ел ішінен бір-біріне тарап жатыр», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бірінші вице-министр сонымен қатар, халықтың басқа да топтарының ішінде індетті жұқтыру жағдайы артып келе жатқанын атап өтті.

«Жұмыс істемейтін, зейнет жасындағы азаматтардың коронавирусты жұқтыру жағдайы жиілеп барады. Яғни, бұған олармен бір үйде тұратын азаматтардың карантин шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін. Әсіресе Ақмола, Алматы, Павлодар облыстарында егде жастағы азаматтардың коронавирус жұқтыру жағдайлары көбейген», - деді ол.


Жоғары қарай