Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарлығаш Әбдіжаббарова: Коронавирустың бесінші толқыны наурызда шарықтау шегіне жетуі мүмкін

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 11:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустың бесінші толқыны наурыз айында шарықтау шегіне жетеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, КВИ жұқтырғандардың үлес салмағы 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4% - ға және жасөспірімдер арасында 1,1% - ға күрт өсті, бұл «омикрон» штаммына тән.

«Мұның бәрі «омикрон» штамы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай «дельта» штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі коронавирус толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз,-деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Бұған дейін ол Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағанын айтқан болатын.


Жоғары қарай