Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 19:14

ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралыда медицина қызметкерлеріне арналған үй қолданысқа берілді. Ауданда 27 адам пәтер алды, оның 13-і жас мамандар. Білікті медицина кадрларын тарту мәселесі осылай шешілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарқаралыда бір кездері қараусыз қалған жатақхана қалпына келтіріліп, дәрігерлер үшін жайлы баспанаға айналды. Бұл қаладағы медициналық персоналға деген қажеттілікті жабуға мүмкіндік берді. Үйде 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер ең қажетті техникамен және жиһазбен жабдықталған.

Бақытты қоныстанушылардың қатарында дәрігер-статист, офтальмолог, невропатолог, акушер, эпидемиолог, гинеколог, терапевт, хирург және т. б. бар.

«2020 жылы Қарағанды медицина университетін жалпы тәжірибе дәрігері мамандығы бойынша бітірдім. Аудандық орталық ауруханада жұмыс істей

бастадым. Ұлы Абай: «Пайда туралы ойламаңдар - ар-намыс туралы ойлаңдар», - деп айтқан. Сондықтан мен адамдардың сеніміне ие болу және пациенттердің ауруларын емдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Қажетті техникамен жабдықталған жайлы пәтерім бар екеніне қуаныштымын», - дейді жас дәрігер Маржан Дәрібайқызы.

«Мен елордада резидентурада оқыдым, бірақ жыл сайын Қарқаралыға тағылымдамаға келдім. Аурухана қызметкерлері өте жақсы. Мен көптеген науқастарды білемін. Сондықтан, маған осында жұмыс істеуді ұсынған кезде бірден келістім», - деп бөлісті қуанышын жалпы тәжірибе дәрігері және қоныс иесі Ақтоты Нұрпазылова.

Сондай-ақ, Қарқаралы ауданының әкімдігінде өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы туралы айтылды. Мәселен, Қарағайлы ауданында өткен жылы дәрігерлік амбулатория салынып, Теректі ауылындағы амбулатория мен Матақ ауылындағы медпунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Томар дәрігерлік амбулаториясын, Мамраев фельдшерлік пунктін және Еңбек фельдшерлік пунктін салу жоспарда бар.


Жоғары қарай