Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарқаралы орманында ерлі-зайыптылар адасып кетті

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 19:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының құтқарушылары орманда адасып кеткен жұпты тауып алды. Ерлі-зайыптылар қараңғыда орман түбіне кетіп қалып, үш сағат бойы қайтар жолды таба алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қыркүйек сағат 21:15-те Қарқаралы ауданының құтқару қызметіне Қарқаралы қаласынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жердегі қарағайлы орман маңында ер адам мен әйелдің адасып кеткені туралы хабарлама түсті.

Сағат 20:00-де орманға серуенге шыққан ерлі-зайыптылар жолдан адасып кеткен. Қайтар жолды өз бетінше таба алмайтынын түсініп, құтқару қызметіне қоңырау шалады.





Құтқару тобы жоғалған адамдармен телефон арқылы байланыса отырып, олардың шамамен қай жерде адасқанын анықтады.

«Адасқандар сағат 22:40-та Қарқаралы қаласынан 3 шақырым жерден табылды. Отбасылық жұп медициналық көмектен бас тартты» деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай