Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 23:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атас айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды. Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген.

Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Еске салсақ, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері шектеу шараларына қатысты қаулысына 28 тамызда өзгерістер енгізілген болатын.



Жоғары қарай