Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантиндік рейд: Ақтауда 20-ға жуық қоғамдық көлік тексерілді

2020 жылдың 10 маусым 2020 18:07

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Бүгін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен әкімдік қызметкерлері қоғамдық көліктерде бетперде тағу рижимін жолаушылар қалай сақтайтынын тексеруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторинг аясында қоғамдық көліктегі карантиндік шаралардың сақтау ережелері туралы жолаушыларға түсіндіріліп, бетперде тағудан бас тартқан адам болса, автобустан түсу сұралды. Жалпы, 20-ға жуық қоғамдық көлік тексерілді.

«Өңірде індеттің таралу қауіпі әлі күнге дейін сақталып отыр. Сол себепті аймақта карантин шаралары күшейтілді, қоғамдық орындар мен автобустарда бетперде тағу қажет. Бұл жолаушылардың өзіне және тұрғындарға қорғануға мүмкіндік береді»,-дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев.

Еске салсақ, Маңыстау облысы Бас санитарлық дәрігерінің 8 маусымдағы қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге болмайды.

Қалада қоғамдық көліктер таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін, кешке сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін қатынайды.


Жоғары қарай