Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантинді созу туралы шешім өзін-өзі ақтады  – Азат Перуашев

2020 жылдың 5 тамыз 2020 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев елде карантинді ұзарту туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өз ұсыныстарымызды Үкімет пен мемлекеттік органдарға жеткізгіміз келеді. Жалпы қазіргі таңда елде төтенше жағдайды енгізу, карантин тәртібін ұзарту туралы шешімнің өзін-өзі ақтағанын көріп отырмыз. Бірнеше апта бұрын ғана әлемдегі жағдайдан қарағанда біздегі ахуал қиын деп қорқа бастаған едік», - деді Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бизнесті қолдау шараларына байланысты өткізілген онлайн режимдегі республикалық баспасөз мәслихатында.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда Еуропада, Британия мен Бельгияда, сонымен қатар оңтүстік және солтүстік Америкада коронавирус індетінің екінші толқыны өтті деген пікір барын айтып өтті.

«Сол себепті карантинді ұзарту туралы шешімді қолдадық. Бұл шешім дұрыс болды. Президент те осыны тапсырғанын білесіздер. Яғни кәсіпорынның жұмысын шектеп қана қоймай, оны реттеп отыру керек. Денсаулық сақтау министрлігінің есебіне сенсек, біз қазір індеттің шарықтау шегінен өттік. Ауру жұқтырудың азайып бара жатқанын көріп, біліп отырмыз. Өкінішке қарай, арамыздан індет адамдарды әлі де алып кетуде. Туыстарымыздың, достарымыздың арасында індеттің құрбаны болғандар бар. Алайда шыңырау басынан жарқ еткен сәуле байқалады. Десек те, арқаны кеңге салатын кез емес. Президент жаппай тыйымнан гөрі кәсіпорындардың жұмысын реттеуді тапсырған болатын. Алайда мемлекеттік органдар мен жауапты адамдардың тарапынан бұл тапсырма басқа сипат алып, бизнес көптеген кедергімен бетпе-бет келді. Ондай шектеулердің кейде негізі болмай шығады», - деді ол.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Парламент, Коронавирус,
Жоғары қарай