Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантинді бұзған астана тұрғындары мен кәсіпкерлер 124 млн теңге айыппұл төледі

2020 жылдың 27 қазан 2020 02:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-25 қазан аралығында елордада мобильді топтар карантин талаптарын бұзған 133 нысанды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин тәртібін сақтамаған шағын және орта бизнес субъектілері, қала тұрғындары 124 млн теңге айыппұл төледі. Қалада полиция қызметкерлері, СЭС өкілдері және волонтерлер кәсіпкерлер мен тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтауын тексеруде», - деді Полиция департаментінен.

Мәлім етілгендей, 25 қазан күні түнде патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Күйші Дина көшесіндегі «SOVA» караоке-барының алдында бір топ адамды байқаған.
«Мекеме алдында тұрған адамдар автопатрульдің жақындап келе жатқанын көріп, өздері карантинді бұзғанын біліп, инспекторлардан жасырыну үшін ғимаратқа жүгіріп кірген. Мекеме иесіне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. «SOVA» караоке-бары бұған дейін де бірнеше рет карантин режимін бұзған болатын», - деп атап өтті Полиция департаментінен.
Барлығы 19-25 қазан аралығында Алматы ауданын аралау кезінде 50 бұзушылық анықталды, Байқоңыр ауданында - 32, Есіл ауданында - 40, Сарыарқа ауданында - 51.
Тәртіп сақшылары «Анкара» мейрамханасында да заң бұзушылықтарды анықтады.
«Мекеме санитарлық дәрігердің қаулысын бұза отырып, сағат 01.11 кейін жұмыс істеді, ғимаратта 40 клиент болған. Дәл осындай заң бұзушылық фактісі «Шишка» лаундж-бары мен «Обахи» және «Достар» ойын клубтарында анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», - делінген ақпаратта.

Таратылған ақпаратына сәйкес, биылғы 5 шілде мен 26 қазан аралығында мобильді топтар барлығы 2860 рейдтік іс-шара өткізді.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтар мен мекемелердің иелеріне карантиндік режим жалғасатынын, бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын қатаң сақтау, маска тағу және арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.


Жоғары қарай