Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Карантиндегі қайырымдылық: Нұр-Сұлтанда әскери қызметшілер қан тапсырды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Ұлттық-ғылыми өндірістік трансфузиология орталығында әскери қызметшілер қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында қанға мұқтаж азаматтарға көмектесу үшін жиналып отырмыз. Таңғы 9-дан бастап әскерилер қан тапсырып кетеді. Біздің бөлімшеден 100-ге жуық әскери қызметші келді. Жеке құрамның барлығы медициналық тексеруден өткен. Біздің әскерилер арасында тұрақты донорлар да бар», - деді 55/765 әскери бөлімі командирінің орынбасары Мақсат Катчибаев тілшілерге берген сұхбатында.




Орталықтың донор бөлімінің меңгерушісі Эльмира Көпеева карантин кезінде қан тапсырудың қаншалықты маңызды екенін айтып берді.













«Телеарналардың біріне репортаж әзірлеп, карантин режиміне қарамастан, тұрғындарды қан қорын толтыруға шақырған едік. Алғашқылардың бірі болып, Қорғаныс министрлігі үн қатты. Дәл қазіргі уақытта донорлар аса қажет. Карантинге дейін күніне 100-120 донор келетін болса, қазір бұл көрсеткіш 40 пайызға дейін азайды. Қазір де тұрғындар орталыққа келіп, қан тапсыра алады. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады. Көлікпен қиындық туындаса, орталық мамандарын үйге шақыруға да болады», - деді Э. Көпеева.

Айта кетейік, 18 жасқа толған, созылмалы жүрек-қан тамыр аурулары, В, С гепатиті, тері аурулары жоқ азаматтар қан доноры бола алады.


























Жоғары қарай